
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 255 912 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 173 007-іне айыппұл салынды. Бүгінде 152 708 айыппұл өндірілді.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты. Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 195 971 фактісі тіркелген. Ең көп таралған құқық бұзушылықтың бірі — белгіленген жылдамдықты асыру. Мұндай 118 087 дерек анықталды. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзудың 8 611, жаяу жүргіншілер тарапынан 6 773 және көлік құралын мас күйінде басқарудың 858 фактісі тіркелді.
Өңірде 23-25 қыркүйек аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оның мақсаты — құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартумен қатар, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара аясында Полиция қызметкерлері әкімшілік жазалардың орындалуын тексеріп, айыппұл бойынша берешегі бар азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда мұқият болыңыздар.