Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік: СҚО Полицейі қызметі туралы айтып берді

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік: СҚО Полицейі қызметі туралы айтып берді

Денис Геккельдің Полиция қызметіндегі жолы спортпен тығыз байланысты. Таэквондодан қара белбеу иегері ретінде 2017 жылдан бастап полицейлерге күрес тәсілдерін үйретіп, олардың дене дайындығын шыңдады. 2019 жылы аттестаттаудан өтіп, байланыс және куәгерлерді қорғау бөлімшелерінде қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап офицерлік атақ алып, Денис Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік Полиция батальонының қызметкері болды.

Оның жұмыс күні таңғы сағат 7:00-де басталады. Қару-жарақты қабылдау, дайындықты тексеру, нұсқама өткізумен айналысады. Осыдан кейін 12 сағаттық кезекшілікке түседі.

Денис Геккель «Астана — Петропавл» автожолының
Кенесары батыр кесенесіне дейінгі учаскесіне қызмет көрсетеді. Бұл — күрделі жол учаскесі. Мұнда Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерден жүк көліктері қатынайды. Көліктің едәуір бөлігі елордаға бағыт алады.

Полицейлер 445-ші және 448-ші шақырым аралығындағы жол учаскесіне ерекше назар аударады. Мұнда екі ұзақ бұрылыс орналасқан. Патрульдік көліктің болуы жүргізушілерді тәртіпке шақырып, жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін азайтады.

Денистің айтуынша, өрескел бұзушылықтардың басым бөлігі түнгі уақытта жасалады. Көлік қозғалысы бәсеңдеген кезде кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтауға немқұрайлы қарай бастайды. Дәл түнгі уақытта патрульдік Полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған немесе көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің едәуір бөлігін анықтайды.

Ең қиын кезең — қыс мезгілі. Аяз бен боран салдарынан жолдар жабылған кезде де полицейлер қызметін жалғастырады.

Денис қысқы кезекшіліктің бірінде әріптесімен бірге қар басқан жолда қалып қойған «КамАЗ» жүргізушісіне көмек көрсеткенін еске алады. Жүк көлігі сынып, жүргізуші кабинада жалғыз қалған. Ол тоңып қалмас үшін үстіндегі бар киіміне оранып отырған. Полицейлер жүргізушіні қызметтік көлікке отырғызып, жылытып, ыстық сусын берді. Кейін жүк көлігін жөндеуге қажетті көмекті ұйымдастырып, оның жолын жалғастыруына жағдай жасады.

«Біздің міндетіміз жолдағы тәртіпті бақылау.Қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде көмектесу. Ең бастысы — әр жүргізушінің жолын қауіпсіз жалғастырып, діттеген жеріне аман жетуіне жағдай жасау», — дейді Полиция аға лейтенанты Денис Геккель.