
Қаламыздың №4 учаскелік Полиция пунктінің аумағында еріктілердің қатысуымен кешенді профилактикалық іс-шара өтті. Бұл аумақта шамамен 17 мың тұрғын тұрады.
Полицейлер профилактикалық есепте тұрған 50-ден астам адамды тексерді. Оларға қатысты ерекше талаптар белгіленген екі тұрғынның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Сонымен қатар рейд барысында қоғамдық орындарда тағы төрт мас тұрғын анықталды.
Азаматтық қару иелері, құрылыс нысандары, сондай-ақ «Алтын арман» базары тексерілді. Мұнда көші-қон заңнамасын бұзудың үш фактісі анықталды. Жалпы полиция 44 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді.
Тұлғасын және деректер базасы бойынша мәліметтерін тексеру үшін тұрақты тұрғылықты жері жоқ 14 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Профилактикалық жұмысқа да ерекше көңіл бөлінді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетін еріктілер тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану туралы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, 12 тұрғын eGov Mobile арқылы несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін қосты. Бұл – киберқылмыскерлерден қорғанудың бірден-бір тәсілі.
«Әділет» партиясының еріктілері 14 есірткі жарнамасын тауып, бояп өшірді.
Сонымен қатар Полицейлер тұрғындарға учаскелік инспекторлардың байланыс нөмірлері көрсетілген визиткалар таратып, үйлерге ақпараттық парақшалар орналастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиевтің айтуынша, тұрғындар қажет болған жағдайда учаскелік инспекторларға жүгінсе, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндіктері бар.
Қазан айының басында облыста «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталмақ.