
Полиция қызметкерлерінің ықтимал заңсыз әрекеттері туралы ақпаратқа ие кез келген азамат СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасына сенім телефоны арқылы хабарласа алады: 8 (7152) 61-26-89. Барлық келіп түскен өтініш мұқият тексеріледі. Дерек расталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қабылданады.
Қазіргі жағдайда өзіндік қауіпсіздік басқармасы жұмысының негізгі қағидаты – құқық бұзушылықтың алдын ала әрекет ету. Сыбайлас жемқорлық тек ақша беруден басталмайды. Оның алдында белгіленген тәртіптің бұзылуы мен жеке мүдденің орын алуы мүмкін.
Сондықтан өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға, жеке құрамға қызметтік тәртіп, кәсіби әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және берілген өкілеттіктердің шегін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударады. Маңыздысы – қызметтік тәртіпті бұзу дерегіне жауап беріп қана қоймай, оған ықпал ететін себептерді анықтап, олардың алдын алу.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жұмысы барынша объективті болуы үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасалады. Түпкі мақсат – полиция мен қоғамның өзара қарым-қатынасының барлық саласында «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру.