
Солтүстік Қазақстан облысы ПД психологтары Полиция қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған квест ойынын ұйымдастырды.
Шара жанұя мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты, командалық рухты арттыруға бағытталғын.
Ойын Петропавл қаласының Динамо стадионы базасында өтті. Оған алты отбасы қатысты. Қатысышылар 11 түрлі тапсырманы орындап, жасырылған нұсқауларды іздеп,мәреге бірге жетуге тырысты. Әр кезеңде отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп ұйымшылдық пен тапқырлықтарын паш етті.
Қатысушылар жылдамдық пен ептілікті ғана емес, тапқырлықтарын да сынады. Олар Макаров тапаншасын толық емес бөлшектеп-жинап нормативін орындап, пазл құрастырып, отбасы туралы сұрақтарға жауап беріп.
«Маған сен» деп аталатын кезеңде балалар ата-аналарына кедергілер жолағынан өтуге көмектесті. Бұл тапсырмада бір-біріне деген сенімнің маңызы ерекше байқалды.
Квест қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай ортақ ойындар отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.