СҚО-да 20 Полиция басшысы «Мобильді академия» аясында біліктілігін арттырды

СҚО-да 20 Полиция басшысы «Мобильді академия» аясында біліктілігін арттырды


Солтүстік Қазақстан облысында полицияның аға офицерлері ҚР ІІМ-нің «Мобильді академия» жобасы аясында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Оқу барысында олар құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерімен танысып, жеке құрамды басқарудың заманауи тәсілдері мен тиімді басшылық етудің жаңа әдістерін меңгерді.

Курс қорытындысы бойынша СҚО ПД басқармалары мен бөлімдерінің 20 басшысына оқу аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.

СҚО ПД бастығы Руслан Назаров офицерлерді оқуын аяқтауымен құттықтап, қызметте үнемі ізденіп, білімді жетілдірудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ол ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылары – Полиция полковнигі Нұрсұлу Ибрагимоваға және запастағы Полиция полковнигі Майя Тоқсановаға өткізген сабақтары үшін алғыс білдірді.

«Мобильді академия» жобасы бөлімше басшыларына қызметтен ұзақ уақыт қол үзбей-ақ, біліктілігін тікелей өңірде арттыруға мүмкіндік береді.