
Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап Солтүстік Қазақстан Полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсінікті әрі қызықты түрде жеткізуге басымдық беріледі.
Петропавлдағы №23 мектепте 90 бірінші сынып оқушысы салтанатты түрде жас жаяу жүргінші атанды. Мектептің жас жол инспекторлары жасағы жолдағы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары көрсетілген көріністер қойды. Ал патрульдік Полиция батальонының қызметкері оқушыларға бағдаршам сигналдары мен реттеушінің қимылдарын түсіндірді.
Осындай профилактикалық кездесулер облыстағы барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады. Мәселен, №2 мектепте ЖЖИ жасағының қойылымы мен Полицейлердің түсіндіру жұмыстарынан кейін оқушылар қызметкерлермен бірге жол қиылысына шығып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелден қауіпсіз өту тәртібін іс жүзінде қайталады.
Жыл басынан бері СҚО жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 4 бала қаза тауып, 107-сі жарақат алған.
СҚО ПД ата-аналарды балаларымен бірге қауіпсіз бағытты үнемі қайталап, жолдан өту ережелерін түсіндіруге және көшедегі қауіпсіз мінез-құлықты өз үлгісімен көрсетуге шақырады.