«Оңай ақша» қылмыстық іске ұласуы мүмкін: СҚО полицейлері студенттерге ескертті

«Оңай ақша» қылмыстық іске ұласуы мүмкін: СҚО полицейлері студенттерге ескертті

Оқу орындарындағы қылмыстардың алдын алу – полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Петропавл қаласындағы колледждерде жыл басынан бері 7 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 2 дерек бопсалауға, тағы 2 дерек дропперлікке қатысты. Студенттер алаяқтар жәбірленушілердің ақшасын аударып, қолма-қол ақшаға айналдыруы үшін өздерінің банк шоттарын ұсынған.

Солтүстік Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында тұрақты түрде профилактикалық кездесулер өткізіп келеді.

Облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин Петропавл теміржол көлігі колледжіне барды. Кездесуге бірінші және екінші курс студенттерінің 300-ден астамы қатысты. Полиция офицері заң талаптарын бұзудың әртүрлі түрлері үшін көзделген жауапкершілікті еске салды.

Кейбір жасөспірімдер 2024 жылдан бастап ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру Қылмыстық кодекске енгізілгенін әлі білмейді. Яғни қазір күш қолданудың кез келген түрі қылмыстық құқық бұзушылық болуы мүмкін.

Студенттермен профилактикалық кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Олар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.