
Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center-де Отбасы күніне орай отбасылық мерекелік шара өтті. Балалар мен ата-аналарға эстафеталар, түрлі байқаулар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар өнер көрсетіп, сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға Петропавл қаласы ПБ патрульдік Полиция батальонының қызметкерлері де қатысты. Тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге қызметтік автокөліктерді таныстырып, Полиция қызметі туралы айтып, жолдағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Полицейлер балалардың жолдағы қауіпсіздігіне, әсіресе көлік ішіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударды. Соңғы жылдардағы статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен балалардың орта есеппен үштен екісі – көлік жолаушылары. Бұл ретте баланың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, көлік басқару кезінде жылдамдықты асырмауды және жолда барынша мұқият болуды ескертті. Сондай-ақ балаларды тасымалдау кезінде арнайы балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын міндетті түрде пайдалану қажеттігін атап өтті.
Жыл басынан бері Петропавл қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 51 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында балалар мен ата-аналарға жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.