
Ол құқық бұзушылықтардың жалпы санының 17,5%-ға төмендегені, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясындағы полиция жұмысының басым бағыттары, есірткі және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтып, осы өзекті міндеттерді шешудегі БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтті.
Диалогқа ашық болу – полиция қызметінің негізгі қағидаттарының бірі. Руслан Назаров әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпарат ақпараттық шу тудыруы мүмкін екенін, ал кәсіби БАҚ ресми ұстанымды кең аудиторияға жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.
Кездесуде журналистер облыс мектептеріндегі қауіпсіздік деңгейі туралы да сұрақ қойды. Руслан Назаров оқу жылы басталар алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық қажетті тексерулер жүргізілгенін, жоспарланған жұмыстардың іске асырылып жатқанын айтты.
Сондай-ақ журналистер қоғамдық және жол қауіпсіздігі, автожолдардың жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Руслан Назаров сауалдарға толық жауап беріп, жекелеген мәселелер бойынша деректер нақтыланғаннан кейін қосымша ақпарат беруді тапсырды.
Кездесу барысында БАҚ пен өңір полициясының өзара іс-қимылына қатысты өткір мәселелер немесе жүйелі проблемалар көтерілген жоқ. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ашық ведомство екенін және заң мен өз құзыреті шегінде сындарлы диалогқа әрдайым дайын екенін көрсетеді.