Ұрпақтар мен өңірлер сабақтастығы: СҚО ПД бастығы ардагерлермен кездесті

Ұрпақтар мен өңірлер сабақтастығы: СҚО ПД бастығы ардагерлермен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров СҚО ПД және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесі мен тәлімгерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Қапез Дәулетбаев жас полиция қызметкерлерінің кәсіби талаптарға бейімделуіне көмектесетін тәжірибелі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысы туралы айтып берді.

Ардагерлер кеңесінің жұмысын оның төрағасы Ақан Сыздықов таныстырды. Еңбек демалысына шыққан тәжірибелі полицейлер өз ведомствосының өміріне белсенді араласып, жас буынға кәсіби дағдыларын үйретіп келеді. Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесулер өткізу. Тәжірибелі офицерлердің өмірлік және қызметтік жолы жастардың мамандықпен танысуының маңызды бөлігіне айналуда.

Ардагерлер атынан тергеу саласының ардагері Хайдар Қашенов сөз сөйледі. Ол кәсіби маманды тәрбиелеу көп күшті қажет ететін үдеріс екенін, мұнда аға буын әріптестердің қолдауының маңызы зор екенін атап өтті.

СҚО ПД бастығы Руслан Назаров ардагерлерге көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді. «Бүгінде полицияның мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Алайда техника тәжірибені, жауапкершілікті және таңдаған мамандыққа адалдықты алмастыра алмайды», – деді ол.

Кездесудің жағымды сәттерінің бірі – футболдан өткен жарыста жеңіске жеткен СҚО ПД ардагерлер құрамасын марапаттау болды. Спортшыларға кубок пен грамоталар табысталды.

Ішкі істер органдарының ардагері, қазір Петропавл қаласында ем алып жатқан Оралбек Икамбаевқа да ерекше тосынсый жасалды. Оған Қостанай облысы полиция департаменті арқылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің көп жылғы және адал қызметі үшін берілген грамотасы табысталды. Құжатқа ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков қол қойған.

Ұрпақтар сабақтастығын сақтау – жеке құраммен жұмыстың маңызды бөлігі. Ардагерлер қызметті жауапкершілікпен атқарып, Заң мен тәртіпке адал болуды басты құндылық санайтын қызметкерлердің қалыптасуына елеулі үлес қосып келеді.