СҚО полициясы шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуда

СҚО полициясы шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуда

Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының үш облысымен шектеседі. Бұл полиция қызметіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамытуға ерекше маңыз береді.

Омбы облысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, қазіргі уақытта алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 34 жастағы петропавлдықтың жүрген жері анықталды. Сондай-ақ Аққайың ауданының Камышлово және Тюменка ауылдарында екі жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген 41 жастағы азамат анықталды. Қазіргі уақытта ол Ресей Федерациясында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жазасын өтеп жатыр.

Солтүстікқазақстандық жедел қызметкерлер ресейлік әріптестерінің көмегімен Петропавл қаласындағы супермаркеттерде бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген 41 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр, Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүргізілуде.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ресей Федерациясының өңірлерінде жасалған қылмыстар бойынша іздеуде жүрген 14 адамның жүрген жерін анықтады. Олардың қатарында ұрлық, есірткі өткізді және құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінгендер бар. Іздеуді жариялаған барлық бастамашыларға тиісті хабарлама жолданды.

Шекара маңы ынтымақтастығы – «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бағыттарының бірі. Көршілес мемлекеттердің полиция қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимыл қылмыс жасаған адамдардың жауапкершіліктен жалтаруына жол бермей, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.