СҚО-да полицейлер рюкзегінен есірткі салынған 120 бума табылған 20 жастағы астаналықты ұстады

СҚО-да полицейлер рюкзегінен есірткі салынған 120 бума табылған 20 жастағы астаналықты ұстады

Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткіні тасымалдау және таратты деген күдікпен ер адамды ұстады. Оның рюкзегінен ұнтақ тәрізді зат салынған 120 бума тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда бұл әрекетін жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені үшін оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полицейлер синтетикалық есірткінің таралуына қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел жұмыстарды жалғастыруда.