
ҚР ІІМ Профилактикалық қызметті үйлестіру комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Арман Саданов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті. Кездесу Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша өтті.
Алдағы сайлау науқанына дайындық аясында полиция генерал-майоры офицерлерге министрлік басшылығының негізгі міндеттерін жеткізді. Басты назар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтауға аударылды.
Арман Саданов маңызды саяси іс-шара кезеңінде әрбір полицейден жоғары кәсібилік, сабырлылық және халық пен мемлекет игілігі жолында кез келген міндетті тиімді орындауға толық дайындық талап етілетінін атап өтті.