
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Арнайы мемлекеттік архиві ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне және олардың туыстарына мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мұнда мұрағаттық анықтамалар, бұйрықтардан үзінді көшірмелер, құжаттардың көшірмелері және жалақы туралы анықтамалар алуға болады. Өтінішті жеке өзі, электрондық үкімет порталы немесе eOtinish жүйесі арқылы беруге болады.
Сондай-ақ архив мұрағаттық құжаттарға апостиль қою қызметін көрсетеді. Апостиль ресми құжаттың түпнұсқалығын растайды және оны Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттердің аумағында пайдалану үшін қажет.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында архив тарапынан 276 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мұрағаттық құжаттарды алу мәселелері бойынша Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 70, 103-кабинет мекенжайына немесе 39-41-58 және 39-41-40 телефондарына хабарласуға болады.