
Отбасындағы ахуалдың қылмыс пен түрлі тәуелділіктердің алдын алуға әсері туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Психикалық денсаулық орталығының директоры Резеда Баймұхаметовамен өткен кездесуде талқылады.
Қазіргі таңда маскүнемдік пен зиянды әдеттерден бөлек, әлеуметтік желілерге, жасанды интеллектке және виртуалды қарым-қатынасқа тәуелділік сияқты жаңа қауіптер пайда болды. Цифрлық орта құмар ойындарға қолжетімділікті арттырып, лудоманияның таралуына жағдай жасауда.
Сонымен қатар, ешбір адам тәуелді болып дүниеге келмейді. Психологтардың айтуынша, мұндай қауіптердің алдын алудағы ең сенімді қорғаныс – отбасындағы толыққанды қарым-қатынас. Әрбір полиция қызметкері өзін-өзі күйрететін мінез-құлық пен көп жағдайда құқық бұзушылыққа әкелетін себептердің қатарында отбасындағы мәселелер мен жақын адамдар арасындағы сенімнің жоқтығы тұрғанын түсінуі қажет.
Осындай форматтағы кездесуде отбасылық құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпақтың әртүрлі тәуелділіктер мен құқыққа қарсы мінез-құлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру, сондай-ақ отбасыдағы сенімді қарым-қатынас пен адал еңбек мәдениетінің маңызы талқыланды.