Жаңа погондар — жаңа жауапкершілік

Жаңа погондар — жаңа жауапкершілік

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде кезекті және алғашқы арнайы атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Түрлі полиция бөліністерінің 10 қызметкері жаңа погондарға ие болды.

Олардың қатарында жедел уәкілдер, жеке құраммен жұмыс басқармасының қызметкерлері, арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының, көші-қон қызметінің, қоғамдық қауіпсіздік бөліністерінің және өзге де қызметтердің өкілдері бар.

Екі қызметкерге полиция полковнигі арнайы атағы берілді. Тағы төрт жас қызметкерге орта басшы құрамның алғашқы арнайы атағы табысталды — СҚО Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов оларға полиция лейтенантының погондарын тапсырды.

Полиция полковнигі Абай Жүсіпов әрбір жаңа арнайы атақ кәсібиліктің, адал қызметтің және таңдаған мамандыққа деген берік адалдықтың нәтижесі екенін атап өтті. Арнайы атақтың жоғарылауы — Заң мен Тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің күнделікті еңбегіне берілген лайықты баға әрі облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершіліктің жаңа деңгейі.