СҚО-да полицейлер демалыс күндерінің қорытындысын шығарды.

СҚО-да полицейлер демалыс күндерінің қорытындысын шығарды.

Жалпы облыста қоғамдық ахуал тұрақты болды. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып, көпшілік демалатын орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Ең көп күш Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды. Негізгі мәселе абаттандыру қағидаларын бұзу болды. Үш күндік демалыс барысында полицейлер осындай 126 құқық бұзушылықты анықтады.

Сонымен қатар, 126 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Тағы 25 адам жалдамалы пәтерлерде немесе аулаларда түнгі уақытта тыныштықты бұзып, қатты шулаған.

Күшейтілген рейдтер түнгі ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Полицейлер онда сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандардың 12 дерегін анықтады.

Барлық құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.