
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қожаберген жырау көшесінің Пестрое көлі маңындағы учаскесінде жазғы кезеңге көлік құралдарының ең жоғары қозғалыс жылдамдығына уақытша 40 км/сағ шектеуі енгізілді.
Шомылу маусымының басталуына байланысты аталған жол учаскесінде жол-көлік оқиғаларының саны артқаны тіркелді. Жол апаттарының негізгі себептері – жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты жүйелі түрде асыруы және қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы.
Аталған уақытша шара жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың, соның ішінде жағажайда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
📹 Белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын бақылау құқық бұзушылықтарды автоматты түрде фото және бейнетіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асырылады.
Жүргізушілерді аса мұқият болуға, жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты алдын ала төмендетуге шақырамыз.