Жат діни ағымдарды қалай тануға болады?

Жат діни ағымдарды қалай тануға болады?

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полицейлеріне дін саласының мамандары айтып берді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде облыс әкімдігі Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологтарымен кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Дәстүрлі дін және ұлттық бірегейлік. Жат ағымдарға жол жоқ».

Мамандар полиция қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану, оларды дәстүрлі діни құндылықтардан ажырату және тиімді профилактикалық жұмысты ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ жалған діни уағызшылардың адамдарды заңсыз әрекеттерге тарту үшін қолданатын тәсілдеріне, отбасы мен қоғам құндылықтарына тигізетін кері әсеріне ерекше назар аударылды.

Полицейлерге конфессияаралық келісімді сақтау, діни экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі рухани құндылықтарды қорғау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әрі «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бағыттарының бірі екені де еске салынды.