
3–4 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер прокуратура және эколог мамандарымен бірлесіп «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Тәртіп сақшылары көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеруде. Экологтар арнайы құрылғының көмегімен автокөліктердің шығарындылар жүйесі арқылы зиянды заттардың мөлшерін өлшеуде.
Тексеру нәтижесінде экологиялық талаптарды бұзған 4 жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік құралдарының техникалық жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру.