СҚО-да полицейлер журналистерге ерекше ықылас білдірді

СҚО-да полицейлер журналистерге ерекше ықылас білдірді

Дүйсенбі күні таңертең тәртіп сақшылары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз өзара іс-қимыл полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. БАҚ пен әлеуметтік желілер халыққа құқықтық тәртіптің жай-күйі, қылмысқа қарсы күрес шаралары және заңнамадағы өзгерістер туралы шынайы әрі тексерілген ақпаратты жеткізудің маңызды алаңы саналады.

Мемлекет басшысы қоғамда «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағиғаттарын нығайтудағы және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын ілгерілетудегі журналистердің рөлін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Абай Жүсіпов республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық ұжымдарын құттықтады. Ол редакторлардың, тілшілердің, операторлардың, фотографтар мен видеографтардың еңбегін ерекше атап өтіп, полиция журналистердің принципшілдігін, қарқынды жұмыс ырғағына бейім екенін, оқиға орындарына жедел барып, күрделі тақырыптарды жан-жақты зерделеп, халыққа сүзгіден өткен шынайы ақпарат жеткізуге деген жауапкершіліктерін жоғары бағалайтынын айтты.