
Биыл Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін аудан орталығындағы жаңа көрнекті орынның жанында қарсы алды. Чапаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына Қазақстанның «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған мурал салынды.
Ғазиз Байтасов 2011 жылы Тараз қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде өз өмірін құрбан етті. Ол денесімен гранатаны жауып, айналасындағы адамдардың қаза табуы мен жарақат алуына жол бермеді. Оның ерлігі қазақстандық полицейлер үшін батылдық пен қызметтік борышқа адалдықтың ең жоғары үлгісіне айналды.
Тайынша қаласында Қазақстан қоғамы үшін маңызды құндылықтарға арналған көптеген муралдар бар. Аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесі Ғазиз Байтасовтың ерлігін де осындай форматта мәңгі есте қалдыру бастамасын көтерді.
Муралдың салтанатты ашылуы 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік іс-шара барысында өтті. Енді тәртіп сақшылары оның жанында өзге де салтанатты іс-шараларды өткізетін болады. Осылайша әрбір тайыншалық батыр полицейдің бейнесін танып, оның ерлігі туралы біле алады.