Петропавлда түнгі клубтан кәмелетке толмаған қыз анықталды

Петропавлда түнгі клубтан кәмелетке толмаған қыз анықталды

Петропавлда полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында түнгі клубта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін болған 17 жастағы қызды анықтады. Аталған дерек бойынша қыздың заңды өкілдері мен ойын-сауық мекемесінің әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Петропавлда кәмелетке толмағандардың түнгі ойын-сауық орындарына жіберілуінің 16 фактісі анықталды. Олардың басым бөлігі – 16–17 жастағы жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары мұндай қараусыз қалу кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына немесе қылмыстың құрбанына айналуына тікелей қауіп төндіретінін еске салады.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде түнгі рейдтерді тұрақты түрде өткізеді. Сонымен қатар, еңбек инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – мекеме иелеріне кәмелетке толмағандардың ата-анасынсыз түнгі уақытта жүруіне жол бергені және еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салу. Кәмелетке толмағандар күніне төрт сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс, әсіресе түнгі уақытта еңбек етуге жол берілмейді.