Өмір жолын айқындайтын сөздер: Петропавлда он жас полицей ант қабылдады

Өмір жолын айқындайтын сөздер: Петропавлда он жас полицей ант қабылдады

Петропавл қаласы Полиция басқармасында салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант бергендердің қатарында он жас қызметкер болды. Олардың басым бөлігі — полиция жүргізушілері мен әкімшілік ғимараттарды күзету жөніндегі полиция қызметкерлері.

Әрбір полицей үшін ант қабылдау — ерекше әрі жауапты сәт. Осы күннен бастап Заңға және қоғамға қызмет ету тек мамандық қана емес, жеке міндетке де айналады. Әріптестерінің, ардагерлер мен басшылықтың алдында жас қызметкерлер қызметтік борыштарын адал атқаруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға уәде берді.

Салтанатты рәсімге Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов, басқарманың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов және СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов қатысты.

Жас полицейлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, ант қабылдағаннан кейін аға әріптестерінің ақжарма тілектерін тыңдады. Сөз сөйлегендер ішкі істер органдарындағы қызмет кәсіби даярлықты ғана емес, офицерлік ар-намысқа адалдықты, әділдік пен қоғам алдындағы жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі таңда полиция қызметінің негізіне айналған «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Рәсім салтанатты шерумен аяқталды. Жас қызметкерлер үшін бұл олардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамның символына айналды. Алда олар ант сөзінің мәнін күнделікті қызметімен дәлелдейді.