Футбол ұрпақтарды біріктіреді

Футбол ұрпақтарды біріктіреді

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Айыртау ауданының Арықбалық ауылында ішкі істер органдары ардагерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Алаңда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ардагерлер командалары кездесті.

Жарысқа қатысушыларды СҚО ПД бастығының жеке құрам жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин құттықтады. Ол ардагерлерге мінсіз қызмет жылдары, белсенді өмірлік ұстанымы және жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Ардагерлерге қамқорлық жасау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және өмірін қызметке арнаған жандармен тығыз байланысты жалғастыру — Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің игі дәстүрлерінің бірі.

Турнир достық жағдайда өтіп, кездесуге, пікір алмасуға және ардагерлер бауырластығын нығайтуға тағы бір мүмкіндік болды