
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-дегі әріптестерімен және ҰҚК СҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген топтың жолын кесті. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға жалған рұқсат құжаттарын дайып отырған.
Петропавл қаласында екі күдікті ұсталды. Олардан компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар және құжаттардың бланкілері тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған «көмекшілер» тобының қызметін заңсыз жұмысқа орналасу мақсатында пайдаланған 70-тен астам шетелдік анықталды.
Сонымен қатар Астана қаласында тағы бір фигурант анықталды. Полицейлердің мәліметінше, ол шетел азаматтарына қажетті медициналық анықтамалар алуына көмектесіп, олардың Қазақстан Республикасында болуын заңдастыруға арналған құжаттар топтамасын рәсімдеуге қатысқан.
Ұстау шаралары облыс аумағында өткізілген «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүзеге асырылды. Оған көші-қон қызметінің қызметкерлерімен қатар жедел бөлімшелердің қызметкерлері де жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын сақтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.