
Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық спортшы қатысты.
«Masters» санатында (35 жас және одан жоғары) Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының тәжірибелі қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті.
Полиция майоры Мирас Максютов 100 метр қашықтыққа жүгіруде және 4×100 метрлік эстафетада чемпион атанып, диск лақтырудан күміс медаль иеленді. Эстафетада дәл оның шешуші серпілісі Солтүстік Қазақстан облысының құрамасына жеңіс әкелді.
Команданың қоржынына тағы үш жүлделі нәтижені полиция майоры Азамат Тажбаев қосты. Ол 4×100 метрлік эстафетада жеңімпаз атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру мен 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден екі күміс медаль жеңіп алды.
СҚО полицейлері әріптестерін лайықты нәтижелерімен құттықтап, оларға жаңа жеңістер тілейді!