Патрульдік полицейдің бейнежетоны СҚО-да мас жүргізушіні тіркеді

Патрульдік полицейдің бейнежетоны СҚО-да мас жүргізушіні тіркеді

Бес ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізушілердің кінәсінен бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. Осындай фактілердің алдын алу үшін полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.

Әлі күнге дейін бірқатар жүргізушілер спирттік ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыруға жол береді. Мұндай жағдайлар аудандарда да, көлік қозғалысы қарқынды облыс орталығында да кездеседі.

Мәселен, Н.Назарбаев көшесінде «Chery» автокөлігін басқарған 44 жастағы Петропавл тұрғыны тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Бұл факт патрульдік полиция қызметкерінің бейнежетонына жазылып алынды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды.

Мұндай жағдайлар аз емес. Жыл басынан бері облыста көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 477 адам жауапкершілікке тартылды. Яғни өңірде күн сайын орта есеппен кемінде үш жүргізуші масаң күйде жолға шығып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.