Петропавл полицейлері автокөліктен ұрлық және тонау жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады

Петропавл полицейлері автокөліктен ұрлық және тонау жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің тергеушілері бірнеше мүліктік қылмысты тергеуде, қылмыстарға облыс орталығының 30 жасар тұрғыны күдікті.


Қазан айында полицияға автокөліктерден ұрлау туралы бірден бірнеше арыз келіп түскен. Белгісіз қылмыскер көліктерден ақша, смартфондарды қолды қылған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ұрлық жасалған аудандарда бейнекамералардың жазбалары зерделенді, куәгерлерден жауап алынды. Нәтижесінде бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 30 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның тонауға қатысы анықталды, яғни қала тұрғынынан ақшасы мен күртешесін алып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» және ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді. Ұсталған қалалық полиция басқармасының уақытша қамау изоляторында. Тергеу жүргізілуде.
Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, мүлікке салғырт қарамаған жөн: көлікте жұмыс істейтін сигнализация болуы тиіс, көлікті бейнебақылау камералары бар жерге қою қажет, сондай-ақ салонда ақша мен құнды заттарды сақтамаған дұрыс. Қылмыс жасалған жағдайда шұғыл полицияға хабарласу қажет.


2020 жылғы 10 айдың ішінде СҚО аумағында 1736 бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі тіркелді. Олардың ашылуы 74% асады.