
3-7 маусым аралығында облыс аумағында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, жол қозғалысы тәртібін арттыруға және кәмелетке толмаған жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында облыс орталығының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері электрсамокат, электрвелосипед және велосипед жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер өткізуде. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жіберілген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілуде.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау — барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады.