Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларының балалары үшін табиғат аясында спорттық мереке ұйымдастырды.

Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларының балалары үшін табиғат аясында спорттық мереке ұйымдастырды.

Еңбек демалысындағы және ауысымнан кейінгі полиция қызметкерлері Есіл ауданындағы «Қызыл бор» қорық аймағына кіші жастағы балаларымен бірге баруға мүмкіндік алды. Онда оларды қимылды ойындар, эстафеталар және жаңа ортадағы қызықты қарым-қатынас күтті.

Көңілді шаралармен қатар танымдық бөлім де ұйымдастырылып, балаларға жаз мезгіліндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірілді.

Көңілді жарыстардың әрбір қатысушысына «ARLAN» спорт клубының төсбелгілері табысталды. Іс-шараны аталған клуб СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасымен, полиция психологтарымен және облыстық полиция ведомствосының Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Сондай-ақ ұл-қыздарға тәттілер мен сыйлықтар дайындалып, оларды «ARLAN» СК-да спортпен белсенді айналысуға шақырды. Айта кетейік, клуб барлық ниет білдірушілер үшін ашық — жаз соңында ересектер мен балалар қатыса алатын спорт секцияларына қабылдау жүргізу жоспарланып отыр.