СҚО-да полицейлер қоғамдық кеңес мүшелеріне мұғалімдерге қарсы интернет-буллингті қалай тоқтатқанын айтып берді

СҚО-да полицейлер қоғамдық кеңес мүшелеріне мұғалімдерге қарсы интернет-буллингті қалай тоқтатқанын айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысында жасөспірімдердің қорғалуы мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелері қаралды. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов жасөспірімдер қылмысының алдын алу жұмыстары туралы баяндады. Оқу жылы бойы ата-аналармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Ювеналдық полиция қызметкерлері ата-аналар жиналыстарына тұрақты түрде қатысып, жасалған құқық бұзушылықтар туралы айтып, жауапкершілік шараларын түсіндіріп отырды.

ККО мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отыра, полиция полковнигі Серік Әлжанов мысал ретінде мұғалімдерге қатысты интернет-буллингті Telegram желісіндегі қорлайтын жарияланымдардың толқынын әрбір ата-анаға «бала әзілдерінің» құқықтық салдары түсіндірілгеннен кейін тоқтатуға мүмкіндік туғанын айтты.

Жазғы демалыс кезінде тәртіп сақшылары көшелер мен ойын-сауық орындарындағы түнгі рейдтерді күшейтуде. Сонымен қатар Серік Әлжанов жаңартуды қажет ететін учаскелік полиция пункттеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

ККО мүшелері түнгі ойын-сауық орындарындағы криминогендік ахуал мәселесін де көтерді. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтынбек Жамалиев оң динамика туралы айтып, оған стационарлық бекеттер жұмысының ұйымдастырылуы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері патрульдеудің күшейтілуі әсер еткенін атап өтті. Жалпы алғанда, полицейлердің жұмысы қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға, яғни 232 деректен 182 дерекке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Отырыс қорытындысы бойынша консультативтік-кеңесші орган мүшелері полицейлер үшін бірқатар ұсынымдар қабылдады.