СҚО полицейлері криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша оқытудан өтті

СҚО полицейлері криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша оқытудан өтті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде криптовалюталар мен өзге де цифрлық активтерді пайдалануға байланысты қылмыстарды тергеу мәселелеріне арналған тергеу бөлімшелері қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараны СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әлібек Қожахметов ашты. Семинар спикерлері ретінде ҚР ІІМ Заң және нормашығармашылық үйлестіру департаменті басқармасының бастығы Талғат Тәжин, ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің криминалисі Дулатбақыт Рапишев, сондай-ақ IT-компаниялардың мамандары мен өзге де сарапшылар сөз сөйледі. Олар цифрлық ортадағы қылмыстарды анықтау мен құжаттаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.

Криптовалюталарды интернет-алаяқтар мен есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерлер жиі пайдаланады. Олар цифрлық активтердің жасырын сипатына сенім артады. Алайда қазіргі технологиялар қаржы қозғалысын анықтауға және қылмыстық істерді тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға мүмкіндік береді.

Семинар барысында полицейлер криптовалюталық транзакцияларды талдаудың практикалық құралдарын, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін және осындай қылмыстарды тергеу алгоритмдерін меңгерді.

Алынған білім полиция қызметкерлеріне криптовалюталарды пайдаланумен байланысты қылмыстық схемаларды тиімдірек анықтауға және киберқылмыс саласындағы жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға көмектеседі.