
Отставкадағы екі полиция генералы Солтүстік Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерді құрметпен еске алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков пен оның орынбасары Қалиақпар Тоқышев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ішкі істер органдарының ардагері Филипп Чижиковтың туған жеріне барды.
Филипп Васильевич Чижиков — Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалінің иегері. Соғыстан кейін ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет етіп, еңбек жолын Воронеж облысында милиция подполковнигі шенінде аяқтаған.
Отставкадағы полиция генералдары Қызылжар ауданы Березовка ауылындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Олармен бірге майдангерді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де еске алды.
Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі кейінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып, отансүйгіштік, борышқа адалдық және туған жерге деген шексіз құрметтің үлгісі болып қала береді.