СҚО полициясы мопедтер мен электрскутерлерді тіркеу тәртібін еске салды

СҚО полициясы мопедтер мен электрскутерлерді тіркеу тәртібін еске салды

2026 жылдың төрт айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 131 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 16 адам қаза тауып, 177 адам жарақат алды. Жаз мезгілінің басталуымен көлік ағыны дәстүрлі түрде артады. Жолдарда автомобильдермен қатар велосипедшілер, скутер, мопед және өзге де жеке мобильділік құралдарының жүргізушілері көбейеді. Полицейлер ескертеді: жол қозғалысы ережелерін елемеу мен ретсіз қозғалыс құқық бұзушылардың өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

СҚО ПД процессинг орталығы ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңының 1-бабы 41-тармағына сәйкес мопедтер, электрмопедтер, скутерлер мен мокиктер механикалық көлік құралдарына теңестірілетінін және міндетті түрде тіркелуге жататынын еске салады. Бұл максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрге дейін немесе қуаты 4 кВт-қа дейінгі электрқозғалтқышпен жабдықталған көлік құралдарына қатысты. Электрмопедтер фаралармен, бұрылыс көрсеткіштерімен және артқы көрініс айналарымен жабдықталуы тиіс. Оларды басқару үшін 16 жастан бастап А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. Сондай-ақ А немесе В санаттары бар азаматтарға да басқаруға рұқсат етіледі.

Мопедті тіркеу үшін көлік құралын криминалистке тексеруге ұсыну қажет. Одан кейін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеке басты куәландыратын құжаттарды, техникалық құжатты немесе мопедтің сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсету, өтініш толтыру және мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Мотокөлік құралдарын басқару кезінде қорғаныс шлемін кию міндетті.

Жол тіпті болмашы қателікті де кешірмейді. Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, мұқият әрі өзара сыйластық танытуға шақырады.