Жеңіс күні: СҚО полициясы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Жеңіс күні: СҚО полициясы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

9 мамыр күні полиция, барлық жедел қызметтер секілді, күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Солтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы жағдайын бақылауда ұстап, өңір тұрғындары мен қонақтарының мерекені қауіпсіз өткізуін қамтамасыз етуде.

Көшелер мен алаңдарда патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер қызмет атқаруда. Олардың қатарында қалалық және облыстық полиция басшылығы да бар. Сонымен қатар жедел кезекшілер мен жедел басқару орталығының инспекторлары әрбір шақырту мен хабарламаны жедел түрде пысықтауда.

Күннің ортасына қарай өңірдегі ахуал тұрақты. Полицияның күшейтілген қызмет атқару режимі мереке күндерінің соңына дейін жалғасады.