СҚО полицейлері Петропавлдағы Жеңіс саябағында өткен мерекелік іс-шараға қатысты

СҚО полицейлері Петропавлдағы Жеңіс саябағында өткен мерекелік іс-шараға қатысты

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Абай Жүсіпов, ішкі істер органдарының басшылығы мен ардагерлері, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері дәстүр бойынша Жеңіс саябағындағы стелаға гүл шоқтарын қойды.

Халықтың ерлігі туралы естелік жаңа буын үшін адамгершілік бағдар болып қала береді және полиция қызметкерлеріне қызметтік борышқа адалдықтың үлгісі саналады.

Соғыстан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы ішкі істер органдарында 771 майдангер қызмет атқарған. Бүгінде олардың ешқайсысы ортамызда жоқ. Алайда отандастарының бейбіт әрі тыныш өмірі үшін жанын қиған жандар туралы естелік тәртіп сақшыларын «Заң мен Тәртіпке» адал қызмет етуге әлі де жігерлендіреді.