Естелік, мақтаныш, парыз: СҚО полициясының басшылығы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Естелік, мақтаныш, парыз: СҚО полициясының басшылығы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

9 мамыр күні таңертең СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов, департамент басшылығы мен ішкі істер органдарының ардагерлері, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары Петропавлдағы Мәңгілік алауға дәстүрлі түрде гүл шоқтарын қойды.

Мундир киген қызметкерлер мен ресми киімдегі азаматтар, балаларын ерткен тұрғындар, мерекелік жалаушалар мен Ұлы Отан соғысында шайқасқан батырлардың портреттері — барлығын Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге тағзым ретінде жарияланған үнсіздік минуты біріктірді.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады және бүгін халық пен мемлекет игілігі жолында қызмет етіп жүрген жандар үшін басты бағдар болып қала береді.