
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларын ҚР ІІМ «Арлан» спорт клубына қабылдауды бастады. Жеңіс күні қарсаңында болашақ тәртіп сақшылары салтанатты жағдайда клуб мүшесінің куәліктерін алды.
Куәліктерді облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов табыстады. Ол оқушыларды құқық қорғау саласындағы болашақ мамандыққа жасалған тағы бір маңызды қадаммен құттықтады. 41 жоғары сынып оқушысына куәліктер департамент басшылығы мен ведомство ардагерлерінің қатысуымен табысталды.
Спорт клубына мүшелік «жас полицейлерге» физикалық тұрғыдан дамуға, өзін-өзі қорғау дағдыларын меңгеруге, дене мен рухты шыңдауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстанда құқық қорғау бағытындағы 5 «Жас сақшы» сыныбы құрылған. Онда 150-ден астам ұл-қыз білім алуда. Олар мектеп бағдарламасымен қатар заңнама негіздерін оқып, полиция қызметінің түрлі бағыттарымен танысады және түрлі іс-шараларға қатысады.
Мәселен, бүгін куәліктер табысталғаннан кейін «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары полицейлермен және ардагерлермен бірге Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық милиция қызметкерлерінің ерлігіне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.
«Отанға деген сүйіспеншілік мектептен басталады, ал мамандық таңдаудың негізі де осы жерде қаланады, — деді полиция полковнигі Жүсіпов. — Барлығыңыз еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенімдімі