СҚО полицейлері Петропавлдың Бас алаңындағы салтанатты шеруге қатысты

СҚО полицейлері Петропавлдың Бас алаңындағы салтанатты шеруге қатысты

Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін әскери және құқық қорғау құрылымдарының бірлігін көрсетті.

Полиция департаменті атынан саптық шеруге облыстық ПД аппаратының, Петропавл қаласы полиция басқармасының және жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлерінен құралған әрқайсысы 48 адамнан тұратын үш саптық топ қатысты.

LED-экранда қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы полицейлер жұмысының негізгі бағыттары жинақы әрі көрнекі түрде көрсетілген бейнеролик ұсынылды.

Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызметтік көрсеткіштері жоғары және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан бес полиция қызметкерін марапаттады.