СҚО-да қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге гүл қойылды

СҚО-да қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге гүл қойылды

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ғимаратының (Қазақстан Конституциясы көшесі, 51) жанында орналасқан қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерге арналған мемориалға полицейлер қалампыр гүлдерін қойды.

Рәсімге ардагерлер, жас қызметкерлер және облыстық полиция аппаратының жеке құрамы қатысты. Іс-шараны СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов басқарды. Қатысушылар қызметтік борышын соңына дейін адал атқарған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиынға қатысушылар мұндай іс-шаралар қызметкерлерге мамандықтың жауапкершілігін тереңірек түсінуге және қызметтік міндеттерді орындауда жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Гүл қою рәсімін өңірдегі түрлі мемориалдарда әр апта сайын өткізу жоспарлануда. Оған әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Мұндай іс-шаралар тәртіпті нығайтуға, бірлік пен ынтымақты арттыруға, сондай-ақ халық пен мемлекет игілігі үшін қызметке саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған.