Робот-ит, дрондар және қару-жарақ: Петропавлда полиция мектеп оқушыларын таңғалдырды

Робот-ит, дрондар және қару-жарақ: Петропавлда полиция мектеп оқушыларын таңғалдырды

Полициядағы қызмет — күшті, батыл әрі жауапты жандарға арналған. Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында өткен «PROFuture Forum» форумында тәртіп сақшылары полицейлік қызметтің барлық бағыттары туралы айтып берді.

Форумға қала мектептері мен қала маңындағы аудандардың жоғары сынып оқушылары шақырылды. Басқа құқық қорғау органдарымен қатар, полиция қызметкерлері де өз жұмысын таныстырды. Жасөспірімдер полиция автопаркін, арнайы бөлімшелердің қару-жарағын, дрондарды, криминалистердің құрал-жабдықтарын және «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз етуге көмектесетін өзге де техникаларды өз көздерімен көрді.

Кәсіпкерлік өкілдері құқық қорғау органдарының техникалық мүмкіндіктерінің болашағын да көрсетті. Атап айтқанда, қауіпті жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті «төртаяқты дрон» — робот-ит таныстырылды. Ол жабдықталуына қарай іздеуде жүрген адамдарды анықтауға, газталдағыш арқылы есірткі заттарын табуға және басқа да міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. https://youtube.com/shorts/04H8JPISwuY?feature=share

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Тасимов болашақ түлектерге ҚР ІІМ-нің қандай оқу орындары жедел уәкілдерді, тергеушілерді, криминалистерді, учаскелік инспекторларды және өзге де бағыттағы мамандарды даярлайтынын түсіндірді.

«ІІМ оқу орындарын таңдаған жағдайда сіздер кепілді жұмысқа орналасу, тұрақтылық, әлеуметтік кепілдіктер, мансаптық өсу мүмкіндігіне ие боласыздар, сондай-ақ мықты мінез бен көшбасшылық қасиеттер қалыптастырасыздар. Ең бастысы — сіздердің еңбектеріңіздің арқасында адамдар өзін қауіпсіз сезінетінін білесіздер», — деп атап өтті ол.

Полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша СҚО тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдеріне, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасына (Петропавл қ., Алматинская көшесі, 55) немесе 8 (7152) 612-612, 61-26-57 телефондары арқылы жүгіне алады. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты qyzmet-police.kz интернет-платформасынан алып, өтініш беруге болады.