СҚО полицейі Қазақстан чемпионатында екі күрес түрінен жүлдегер атанды

СҚО полицейі Қазақстан чемпионатында екі күрес түрінен жүлдегер атанды

Түркістан қаласында дзюдо, самбо және қазақ күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирге елдің барлық өңірлерінен 400-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс жүлдегерлерінің қатарында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағы взводының командирі, полиция майоры Мирас Мақсүтов бар. Ол белдесулер қорытындысы бойынша дзюдо (81 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі) және қазақ күресі (82 кг-ға дейін) бойынша екі қола медаль иеленді.

Мирас Мақсүтов ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етеді, ал арнайы бөлімшеде — 2018 жылдан бастап. Ол жан-жақты дайындалған спортшы: Қазақстанның Masters Athletics федерациясының мүшесі, 60 метрге жүгіру және диск лақтыру бойынша жарыстардың жүлдегері, самбо мен еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат, сондай-ақ IPS ату бойынша сертификаты бар.

Полицияда мұндай жетістіктер қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтеді.