Білім — ойын арқылы: Петропавлда полицейлер балалармен кездесуде

Білім — ойын арқылы: Петропавлда полицейлер балалармен кездесуде

«Өскенде полицей боламын!» — Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен кездесуден кейін «Солнышко» балабақшасының тәрбиеленушілерінің бірі осындай шешім қабылдады.

Балаларға полиция аға лейтенанты Дамир Рахимовпен жүздесу ерекше қызығушылық тудырды. Оның жеке харизмасы мен балалардың білімді ойын арқылы жақсы меңгеретінін түсінуі бүлдіршіндерге жолдағы қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік берді.

Тәртіп сақшылары бағдаршам сигналдарын еске салып, реттеушінің ишараларын көрсетті, тәрбиеленушілердің білімін тексерді. Әсіресе балаларға адамдарды қорғау жолындағы полиция қызметі туралы әңгіме, қызметтік автокөлік пен арнайы құрал-жабдықтарды таныстыру үлкен әсер қалдырды.

Жол-көлік оқиғаларын талдау көрсеткендей, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 15 жол-көлік оқиғасында 3 бала қаза тауып, 17-сі жарақат алған, олардың алтауы — 7 жасқа дейінгі балалар.

Полицейлер балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған кешенді профилактикаға ерекше мән береді. Мұндай іс-шаралар жас кезден бастап қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырып, заң мен тәртіпке құрметті тәрбиелеуге ықпал етеді.