Полицейлер ескертеді: СҚО-да ЖКО-да зардап шеккен балалардың жартысынан көбі — жолаушылар

Полицейлер ескертеді: СҚО-да ЖКО-да зардап шеккен балалардың жартысынан көбі — жолаушылар

Жас жолаушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті жүргізушілердің есіне салу — Петропавлдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында өткен акцияның басты мақсаты болды.

Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, автотұрақта және сауда-ойын-сауық орталығының ішінде полицейлер жүргізушілерге жадынамалар таратты. Отбасымен келгендерге автокөліктеріне «Назар аударыңыз, балалар!» белгісі жапсырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдіктерін барлық жолаушылар, оның ішінде артқы орындықта отырғандар да міндетті түрде пайдалануы тиіс екені ескертілді.

Жыл басынан бері СҚО-да кәмелетке толмағандардың қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оларда 3 бала қаза тауып, тағы 17-сі жарақат алды. Қаза болған барлық балалар мен жарақат алған 10 бала 8 жол-көлік оқиғасында көлік жолаушылары болған. Ұстау құрылғылары, соның ішінде балалар автокреслолары, соқтығыс кезінде аман қалу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Жалпы, үш айда облыста 100 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 адам қаза тауып, 131 адам жарақат алды. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында әкімшілік полиция қызметкерлері жүргізушілер тәртібін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.