
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде отызға жуық тергеуші, олардың ата-аналары және қызмет ардагерлері марапатталды.
Полиция тергеушілері – құрамына жедел уәкілдер мен криминалистер кіретін тергеу-жедел топтардың жетекшілері. Олар тәулік бойы кезекшілік атқарып, қылмыстық істерді тергейді және адамдар тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдайды.
СҚО ПД бастығы Абай Жусупов қызметкерлерге кәсібилігі үшін алғыс айтып, өз тәжірибесін жас әріптестеріне беріп жүрген ардагерлердің үлесін атап өтті.
Салтанатты жиында Қызылжар ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Гүлжан Байтұсоваға «полиция подполковнигі» атағы берілді. Бірқатар қызметкерлер медальдармен, төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Тергеушілердің ата-аналары да ерекше атап өтілді: Айгүл Ахметова, Вероника мен Павел Тамбасовтар, Оксана Битнер. Олардың қатарында 2006 жылы қызметтік іссапардан қайтып келе жатып қаза тапқан полиция майоры Ерік Оспановтың жұбайы Аягөз Оспанова бар. Оның ұлы Уәлихан Оспанов – ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі, бүгінде қалалық полиция басқармасында тергеуші болып қызмет атқарады және адал қызметі үшін марапатталды.
Тергеу қызметінің ардагерлері Хайдар Қашенов, Серік Жусалин, Қабжан Елемесов, Серік Әбілмәжинов, Күлбарам Бәкенова, Жұмағали Садықов, Ермак Булатбеков, Әлібай Әбілов, Қайрат Қошағанов алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шараға қарамастан, тергеу жұмысы тәулік бойы, демалыссыз және мереке күндерінсіз жалғасуда. Адам тағдыры мен әділдіктің қалпына келуіне тікелей ықпал ететін шешімдер қабылдайтын тергеушілер ішкі істер органдары жүйесінің кәсіби өзегі әрі негізгі тіректерінің бірі болып саналады.