СҚО-да героин сатқан деген күдікпен ер адам ұсталды

СҚО-да героин сатқан деген күдікпен ер адам ұсталды

Полицейлер облыс орталығы аумағында есірткі өткізумен айналысты деген күдікке ілінген Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Жұмысшы кентінде ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында тәртіп сақшылары шамамен 75 грамм героин тәркіледі. Бұл мөлшер аса ірі көлемге жатады. Ер адамның айтуынша, героинді ол елордадан алып келген.

Медициналық куәландыру нәтижесі ұсталған адамның опиоидтарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Айта кету керек, бұл азамат бұған дейін де ұрлық және есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша сотталған. Алайда бұдан сабақ алмаған сияқты, енді оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Бұл — жыл басынан бері облыста героин анықталған жалғыз дерек. Жалпы, қаңтар айынан бастап СҚО-да полицейлер 39 есірткі құқықбұзушылығын тіркеп, заңсыз айналымнан 1600 грамнан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 900 грамы синтетикалық есірткілер.