
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бірқатар әйелдер мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Оксана Липатова бар.