
СҚО-да полицейлер «Қауіпсіздік мектебі» атты ауқымды ведомствоаралық іс-шараға қатысты. Алғашқы кезеңде тәртіп сақшылары прокуратура, ТЖД қызметкерлері, педагогтар мен психологтармен бірге №28 мектепке келіп, бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Қаладағы 36 мектептің оқушылары бұл іс-шараны Zoom платформасы арқылы бейнеконференция форматында тамашалады.
Полицейлердің өнер көрсетуінің ерекшелігі — Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртістерін шақыру болды. Ойын элементтерімен толықтырылған жарқын театрландырылған қойылым ұл-қыздарға ерекше әсер сыйлап, Жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекітуге көмектесті.
Балалар арасындағы жол-көлік жарақатын азайту — полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда кәмелетке толмағандар 10 жол-көлік оқиғасына қатысқан, олардың үшеуі қаза тауып, 11-і жарақат алды. Полицейлер жас жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. «Қауіпсіздік мектебі» жобасы аясында орта және жоғары сынып оқушыларымен де кездесулер өтеді.